Қазақстанда 13 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 ақпан күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Астана қаласы

Сағат 15.00-де Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің «23.12.2014 жылы қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Ірі мұнайгаз жобаларын жүзеге асыру: Қазақстан мұнайсервис саласының ағымдағы және көкейкесті мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де «Қазмедиа» орталығы» киноконцерт залында ҚР Білім және ғылым министрлігі «ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және Елбасының биылғы Жолдауы аясында атқарылатын 2018 жылғы міндеттер» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысын өткізеді.

Алматы қаласы

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі қазақ жазушысы Ғаббас Қабышұлының түрік тілінде шыққан «Көңіл көгінде» эссе кітабының таныстырылымы өтеді.
Сағат 11.00-де «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС «Алматы ақылы тұрақтарының бірыңғай автоматтандырылған жүйесі: 2017 жылдың қорытындылары және 2018 жылғы жоспарлар» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақы реформасы және өмір құны» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 13.00-де «МЕЛОМАН «GRAND» дүкенінде «Алтын қалам 2018» әдеби байқауы аясында кездесу өтіп, аталымдар бойынша сыйлықтар тапсырылады.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 11.00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтіп, оған БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов қатысады. Тақырыбы - «2017 жылдағы БҚО қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы».

Соңғы жаңалықтар