Қазақстанда 12 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 қаңтарда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 09:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Нью-Йорктен тікелей байланысқа шығу арқылы БҰҰ Бас хатшысы көмекшісі Мирослав Енчтің қатысуымен онлайн-баспасөз мәслихаты өтеді. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысы жайында егжей-тегжейлі мәлімет береді деп күтілуде.

Сағат 10:30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қолдауға арналған «Қазақстан - 2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өтеді деп күтілуде.

Сағат 11:00 кезінде Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында мемлекеттік тиімді басқаруды дамыту шараларына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар сағат 15:00-де Орталық коммуникациялыр қызметінде «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 16:00-де ҚР Ұлттық музейінде Time&Astana: After Future қазіргі заманғы өнер көрмесі бойынша кураторлық экскурсия болады.

Мұнымен қоса, сағат 16:00 уақытында елорда әкімдігінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Ал 17:00 кезінде Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары мен Орталық Азиямен ынтымақтастық тақырыптарына арналған телефон арқылы брифингке қатысады. Бұл шара АҚШ елшілігінде ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар