Қазақстанда 11 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 11 қаңтарда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Күн тәртібінде 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Мемлекет басшысының Жолдауынжүзеге асыру жолдары, 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің жұмсалуы мен әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірыңғай жоспарталқыланбақ.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығының алаңында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де Астана қаласының әкімдігі «Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-мен бірге «Астана қаласының қоршаған ортасын жақсарту: стратегияларды белгілеу мен жұмыс жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

 Сағат 12:00 кезінде «Aykun» қонақүйінде «Қазақавтожол» РМК ісі бойынша апелляция өтеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде сағат 12:20-да Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованыңқатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар