Қазақстанда 100 млн. га жайылым пайдаланылмайды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жайылымдар туралы заң жобасын таныстыру мақсатында депутаттардан құралған топ жұмыс істеп жатыр.

Таразда болған комитет отырысында біз «Жайылымдар туралы»  және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының нормаларын, соның ішінде елдің оңтүстік өңіріндегі жайылым жерлерін пайдалану мәселесін талқыладық. Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы бұған дейін басқа өңірлерде де өткізілген. Ал бұл жолы біз Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің басын қосқалы отырмыз», - дейді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.

Заң жобасы Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген. Елбасы «Қазақстан2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында отандық мал шаруашлығын дәстүрлі түрде жүргізу үшін жаңа ғылыми-технологиялық басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мен қайта жаңғыртуды тапсырған болатын. Аталған заң жобасы жайылымдарды тиімді пайдалануды көздейді. Қазіргі таңда Қазақстанда 180 млн га жайылым жері бар. Оның тек 80 млн-ы пайдаланылады. Осы заңның негізгі мақсаты да сол - қалған 100 млн га жерді пайдалануға мүмкіндік беру», - дейді ол.

Шара соңында қатысушылар аталған заң жобасы бойынша жұмысты ары қарай жалғастыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар