Қазақстанда 1 желтоқсан күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 1 желтоқсан күні болатын маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Астана

Сағат 16-00-де «St. Regis» қонақ үйінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» форумы өтеді.

Сағат 18-00-де «Астана Опера» театрының Үлкен залында Тұңғыш Президент күніне байланысты «Ер тірегі - Елбасы» мерекелік концерті өтеді.

Алматы

Сағат 09-00-де Алматы халықаралық әуежайында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейінгі жасанды ұшып-қону жолағының ашылуы болады. Шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысады.

Сағат 10-00-де Шамалған ауылында Тұңғыш Президент мұражайы ашылады. Салтанатты шарада Тұңғыш Президент қоры Мемлекет басшысының жеке заттарын табыс етеді.

Сағат 10-00-де «Алматы арена» кешенінде «Synergy Global Forum 2017 Almaty» форумы басталады. Оған 9 мыңға жуық кәсіпкер мен инвестор, ТМД мен Еуропа және Қазақстандағы ірі компания басшылары қатысады.

Ақмола облысы

Сағат 10-00-де Ақмола облысының әкімі Көкшетау қаласындағы саябақтар мен аулаларды аралап көреді. 

Соңғы жаңалықтар