Қазақстанда 1,2 мың ауылға тартылатын интернет қаладағы тарифтен арзан болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 249 ауылға тартылатын интернет қызметі ауыл тұрғындары үшін қалалардағы тарифтен төмен болады. Бұл мәлімет «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолдаған ресми сауалын берілген жауапта көрсетілген.

«1 249 ауылдың тізімі 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №435 «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжежетімділікпен қамтамасыз ету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын бекіту туралы» Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілді», - деп хабарлайды министрліктен.

Ресми жауапқа сәйкес, «Талшықты-оптикалық байланыс желілерімен Қазақстан Республикасының ауылды елді мекендерінің кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз ету» жобасы 14 облысты қамтымақ.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкес конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін, жобаның жеке әріптестерін айқындау бойынша конкурс жарияланып, келіссөз жүргізілетін компаниялар аңықталады. Интернет желісін тарату кезеңге бөлініп 3 жыл ішінде жүргізіледі. 1 249 ауылға интернет тарту жұмысын 2021 жылға аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, интернет қызметінің тарифтері орта нарықтық бағада және қалалық тарифтерден төмен болатындығы жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар