Қазақстан жолдарында ауыр салмақты автокөліктер жүрісі шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Көлік комитеті әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірге ауыр салмақты автокөліктер қозғалысын бақылауға алды. Бұл туралы министірліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жазда ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулесінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтады, сондай-ақ көлік жолдары тозады.

Аталған шектеу 1 маусымынан 31 тамызға дейін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жарияланған. Ол ауаның температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін салынады.  

Ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 маусымынан 15 тамызға дейін, ауаның температурасы 25 градустан жоғары жағдайда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін аталған көліктердің жүрісіне тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар