Қазақстан және Ресей ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венада Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) бас конференциясының 61-сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында ядролық энергетикалық саладағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі 1995 жылы 20 қаңтарда бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімнің хаттамасына қол қойды.

Бұдан басқа Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қоғамдастық өкілдерімен екіжақты кездесу өтті. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында, атап айтқанда ядролық қауіпсіздік, ядролық технологияларды дамыту және ғылыми техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мәселелер жоғары дәрежеде талқыланды.

null 

Айта кетерлігі, 18-22 қыркүйекте Австрия астанасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы жыл сайынғы форум - АЭХА бас конференциясының 61-сессиясы өтіп жатыр. Конференцияға АЭХА-ға мүше мемлекеттердің ұлттық делегациялары қатысады.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан делегациясы атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтудағы Қазақстан Республикасының үлесі туралы баяндама жасады. Министрдің басшылығымен еліміздің делегациясы АЭХА бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына дәстүрлі түрде қатысып келеді.

null 

Бас конференция барысында Қ. Бозымбаев АҚШ Энергетика министрі Рик Перри және Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен атом энергетикасын дамытудың негізгі мәселелері бойынша ой-пікірлерімен алмасу мақсатындағы екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан басқа конференция шеңберінде «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ атом энергетикасы саласындағы ҚР жетістіктеріне арналған көрме/сайд-ивент ұйымдастырды.

Венадағы іс-шараның күнтәртібінде ядролық қаруды таратпауға қатысты жаһандық мәселелерді талқылау, энергияға болашақ сұранысты қанағаттандыру, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық энергия және техникалық ынтымақтастық, сонымен қатар агенттіктің қызметіндегі басқа да маңызды мәселелер талқыланады.

null 

Соңғы жаңалықтар