Қазақстан жаңа Doing Business рейтингінде 36-орында тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Doing Business 2018 рейтингісінде 36 орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзілік банктің баяндамасына сілтеме жасап.

Doing Business елдер рейтингісін қалыптастыруда негізге 10 индикатор  алынған.

Осы жылдың зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан «Кәсіпкерлерді тіркеу» индикаторы бойынша 41- орынға (өткен жылғы рейтингте 45-ші орында болған), «Құрылыс жүргізуге рұқсат алуда» 52-орын (22-ші), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» - 70- орын (75-ші), «Меншік иелерін тіркеу» - 17 орын (18-ші), «Кредиттер алу» - 77 орын (75-ші), «Миноритарлық инвесторларды қорғау» - 1-орын (3-ші), «Салық алымдары» - 50-орын (60-шы), «Халықаралық сауда-саттық» - 123-орын (119-ші), «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» - 6-орын (9-шы), «Төлем қабілетсіздігін шешу» - 39 орынға (37-ші) тұрақтаған.

Doing Business рейтингісі жыл сайын жарияланады және ол 190 мемлекетті қамтиды.

Соңғы жаңалықтар