Қазақстан жаһандық бітімгер рөлін өзіне бекіте алады - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан дипломатиялық бітістірушінің жаһандық рөлін өзіне бекіте алады. Бұл жайында Халықаралық істер бойынша ресейлік кеңестің бағдарламалық директоры Иван Тимофеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сирия мәселесі бойынша келіссөздерді жүргізудегі Қазақстанның рөлі бірінші кезекте тараптарды бітімге келтіруге негізделген деп ойлаймын. Осы ретте күштердің барлық орталықтарымен достық қатынастарды қолдай отырып, Қазақстан «адал брокер» ұстанымында бола алады. Қазақстан кезінде Финляндияға тиесілі болған дипломатиялық бітістірушінің жаһандық рөлін өзіне бекіте алады»,-деді сарапшы.

Оның пайымынша, сирияаралық келіссөздердің үдерісі оңай болмайды.

«Осында Мәскеу, Анкара және Теһран жоспарларының үйлестіру проблемалары да бар. Сонымен қатар Сирияның ішіндегі келіспеушілік те кедергі. Бұдан бөлек, АҚШ рөлінің белгісіздігі байқалуда. Алайда, осындай келіссөздерді өткізу фактісінің өзі жаңа саяси шынайылық. Яғни, бір жыл бұрын бұндай келіссөздерді өткізуді елестетудің өзі қиынға түскен еді. Бұл сирек кездесетін жағдай, себебі осынша маңызды мәселелер тікелей батыс елдерінің қатысуынсыз шешілуде»,-деді И. Тимофеев.

Соңғы жаңалықтар