Қазақстан заңнамасын бұзған 8 мыңға жуық шетелдік елден қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда 1 миллионнан астам шетел азаматы уақытша тіркелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінен хабарланды.

«2016 жылдың 8 айында ішкі істер органдарында  1 059 239 шетел азаматы уақытша тіркелді. Заңсыз мигранттардың жолын кесу мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Мигрант»,«Заңсыз көші-қон» және «Учаске» жедел алдын алу шаралары өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 75 185 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7923 шетел азаматы елден шығарылды», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

Атап айтқанда, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 787 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 60-сы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған.

Бұдан бұрын kaz/article/2954329">хабарланғандай , биылғы қыркүйектің соңында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар көбінесе қай елдің азаматтарын жұмысқа тартатынын айтып берген еді.

«2013 жылы бізде тиісті заңнама қабылданып, оған сәйкес көршілес елдерден Қазақстанға жұмысқа келетін азаматтар 2 АЕК көлемінде патент төлеуі тиіс, яғни оның сомасы 4200 теңге. Тек содан кейін ғана олар ресми түрде жұмысқа жұмылдырылады. Атап айтқанда, оларды заңды тұлғалар емес, жеке адамдар тартады», - деді Б. Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы жеке адамдар жұмысқа 75 мың адамды тартса, былтыр бұл көрсеткіш 145 мың адамға жетті.

«ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, жұмысқа келген шетелдіктердің ішінде 93 пайызы Өзбекстан азаматтары. Яғни бұл адамдар еңбек мигранттары ретінде Қазақстанда ресми түрде жұмыс істеуде», - деп түйді Б. Нұрымбетов.

 

Соңғы жаңалықтар