Қазақстан xалқының санын онлайн режимде көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады. Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады.

"Бұған дейін біз Қазақстан xалқының есептеуішін іске қосамыз деп айтқан едік. Міне, бүгін осы жобаны таныстырып отырмыз. Оған алты айдай уақыт кетті. Бюджеттен ақша жұмсалған жоқ. Барлығы комитет қызметкерлерінің өз қолымен жасалды", - деді комитет төрағасы Нұрболат Айдапкелов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Онлайн есептеуіштің мәліметіне сәйкес,

Сағат 11:25-те Қазақстан xалқының саны 18 391 992 адамды құрады.

Айта кетейік, бүгінде xалық санының есептеуіші АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да мемлекеттерде бар. Алайда қазақстандық есептеуіштің басты артықшылығы сол, ондағы деректер ай сайын жаңартылады. Алдағы уақытта xалық санын аймақтар бойынша көрсету көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар