Қазақстан Үрімжі темір жолы бойынша тасымалды ұлғайтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жүк тасымалдары» ҚТЖ АҚ мен Үрімжі темір жол өкілдерінің кездесуінде Қазақстан-Қытай, Қытай-Қазақстан бағытында жүк ағынын тарту және арттыру мәселелері талқыланды.

Тараптар «ҚТЖ ҰК» АҚ және Үрімжі темір жолы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның уағдаластықтарын орындауға баса назар аударды. Құжатқа Қазақстан мен Қытай шекаралық темір жолдары аралас комиссиясының 25-ші мәжілісінде қол қойылды.

Атап айтқанда, кездесуде барысында ҚР-дан ҚХР-ға әкелінетін астықты тасымалдау, ҚР және РФ-дан ҚХР-ға жөнелтілетін өсімдік майын тасымалдауды ұйымдастыру, РФ-дан ҚХР-ға сұйытылған газды тәжірибелі транзиттік тасымалдау шаралары талқыланды.

Қазақстандық және қытайлық тасымалдаушылар Алашанькоу-Достық және Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жүк тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін қарады.

Кездесу барысында экспедиторлық қызметтер шарты және ынтымақтастығы туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар