«Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Бұл - менің Қазақстаным!» атты жаңа телемаусым кеші өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұсынған «Бұл - менің Қазақстаным!» атты жаңа телемаусым кеші өтті.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» баспасөз қызметі хабарлады.  

Кешке «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы және Қазақстанның бір топ қоғам қайраткерлері  қатысты.

Айтар болсақ, олардың қатарында  ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі Төрегелді Шарманов және ҚР Халық әртісі, актер Сәбит Оразбаев, Олимпиада чемпионы, «Әлемнің үздік палуаны» Жақсылық Үшкемпіров, ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, белгілі ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы  бар.

Зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жаңа телемаусымның таныстырылымында сөз сөйлеген «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызы телеарнаның жаңа туындыларына тоқталды.

«Көрерменге билікті неғұрлым жақындату биылғы маусының басты ұстанымы болмақ. Бұған апта сайын шығатын «Серпіліс», «Қоғамдық кеңес» және «Сұхбат» бағдарламалары дәлел болады. Биылғы маусымнан белгілі, талантты ақын Қалқаман Сарин жүргізетін «Ой-толғау» бағдарламасы эфирге шығады. Оған еліміздің екі танымал тұлғасы қатысып, көптеген сырларымен бөлісетін болады».

Жаңа телемаусымның ең үлкен жаңалығы - ұлттық өнерге деген қамқорлықтың және бір көрінісі жақын күндері экранға жол тартатын «МузАРТ LIVE» жобасы. Ондаған жыл бойы баршаңызды әнмен тербеген бұл топтың мүшелері енді бүкіл қазақ даласынан өздері сияқты талантты жастарды іздейтін болады.

Күнделікті берілетін бағдарламалар «Таңшолпан», «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев», «Бірге таңдаймыз!», «Әйел бақыты», «Айтуға оңай...» жаңа маусымда жаңа қырынан танылады. 

Сонымен қатар, «Қазақстан» Ұлттық арнасыдағы биылғы маусымда «Ұлы дала баласы» атты жоба табысты жүріп жатыр. Онда әнші Төреғали Төреәлі Қазақстанның бірнеше аймақтарында болып, ел өмірінің жақсылыққа қарай өзгергеніне көрермендермен бірге куә болды. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған бұл арнайы жобаның рейтингі өте жоғары.

«Қазақстан» ұлттық арнасы бірнеше жыл бойы отандық сериалдарды түсіріп келеді. Осы маусымда «Айман-Шолпан», «Көзайым», «Шекара шегінде» сериалдары көрермен назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар