Қазақстан түркітілдес елдер арасындағы жарық жұлдыз - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айтматов атындағы «Манас» қырғыз-түрік халықаралық университетінің президенті, профессор Себахаттин Балжи Қазақстандағы конституциялық реформаға орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктердің ең басты көрсеткіші Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіруі, сонымен қатар жаңа технологиялар саласындағы табыстары мен ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруы бола алады.

«Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауымен тыңғылықты танысып шықтым және бұл Жолдаудың ел дамуының стратегиясы, барлығы үшін жұмыс жоспары саналатындығын нық сеніммен айта аламын. Онда дамудың 5 нақты қадамы анық жазылған. Бұл стратегияны әлемді жақсы білетін және өз халқын табысқа жетелейтін адам жазған. Бұл ретте тірек нүктесі - қазақ халқының бірлігі мен тұтастығы. Бізге белгілі болып отырғандай, Қазақстан 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ел саналады және Қазақстан Президенті бүкіл халықтың бейбіт өмір сүруі сынды табысқа қол жеткізіп отыр. Ал бұл өте тамаша көрсеткіш екендігі сөзсіз», - деді Ш.Айтматов атындағы «Манас» қырғыз-түрік халықаралық университетінің президенті, профессор Себахаттин Балжи.

«Манас» университетінің ректоры өз алдына әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойып отырған Қазақстанның басқа түркі елдері арасында жарық жұлдыздай ерекшеленіп тұратындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар