Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан АҚШ-тан озып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзі экономикалық форумының индексіне сәйкес Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан 58-ші орынға дейін көтерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осылайша, аталған көрсеткіш бойынша біз АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерді басып оздық. Алайда саяxат пен туризм саласындағы бәсекелестік жағынан Қазақстан Дүниежүзі экономикалық форумының индексінде 81-ші орында тұр», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов. Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша туристердің саны өсіп келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шетелге шығатын туристердің саны 1,2 млрд-қа жетті.

Айта кетейік, бүгін туристік саланы дамытуға арналған жиында вице-министр Асқар Баталов Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп тарту қажеттігін де жеткізді. Себебі Қытай Халық Республикасы сыртқа шығатын туристердің саны жағынан көш бастап тұр. 

Соңғы жаңалықтар