Қазақстан туристер үшін қауіпсіздік деңгейі орта мемлекеттердің қатарына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшылар туристер үшін 2017 жылғы ең қауіпті елдердің интерактивті картасын жасады.

Интерактивті картаның авторы - International SOS медициналық сервис компаниясы әлемнің интерактивті картасын жария етті. Онда 2017 жылы саяхаттауға болатын ең қауіпті және қауіпсіз мемлекеттердің тізімі жарияланды. Компанияның сайтындағы картада әр мемлекет өзінің қауіпсіздік деңгейіне қарай түрлі түстермен әрленген, деп хабарлайды Риа Новости.

Ең қауіпті өңірлер мен мемлекеттер қою қызыл түспен белгіленген. Олар: Ливия, Мали, Оңтүстік Судан, Йемен, Сирия, Ауғанстан мен Венесуэла.

Осы тізімге Конго, Сомали, Судан сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің кейбір аудандары кіреді. Ал, туристер үшін аздап қауіпсіздеу мемлекеттер ақшылдау түспен белгіленген. Бұл тізімге Мексиканың кейбір штаттары мен Колумбия, Эквадор, Нигерия, Пәкістан, Үндістанның кейбір аймақтары мен өзге де жерлер кірген.

Ал, Бразилия, Боливия, Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Украина сияқты бірқатар елдерді сарапшылар туристер үшін қауіпсіздік деңгейі орташа елдер қатарына жатқызыпты.

Бұл мемлекеттер қызғылт-сары түспен белгіленген.

Соңғы жаңалықтар