Қазақстан тумасы Жәмила Стехликова Чехия парламентіне сайлауға түсуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тумасы Жәмила Стехликова Чехия парламентінің депутаттығына сайлауға түсуде. Бұл туралы Жәмила Стехликова Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Айта кетерлігі, ол ең алғаш Еуропада министр лауазымына жеткен қазақ болатын.

«Саясаткерлерді жақтыра бермейді, алайда олар керек. Чех заңына сәйкес мен Чехия парламентіне LES (Либералдық экологиялық партия) және TOP09 партиясы атынан сайлауға қатысып жатқанымды ескертуге тиіспін. Менің парақшамда чех сайлаушылары болғандықтан мен олардың барлығын депутатқа үміткер мәлім еткенін және партия белгісі бар сурет қоса жарияланғандығын еске саламын. Сайлау науқаны ашық әрі жария түрде болуы тиіс. Суреттегі біздің командамыз, оң жақтан шеткі Карл Шварценберг, толық атын атасақ Карл Иоганн Непомук Йозеф Норберт Фридрих Антоний Вратислав Мена фон Шварценберг, ал сол жақтағы ең шеткі қызыл көйлектегі - менмін»,  - деп жазды Жәмила Стехликова.

Соңғы жаңалықтар