Қазақстан тоғызқұмалақтан Азия чемпионатында топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-20 желтоқсан аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен тоғызқұмалақтан Азияның ІІІ ашық чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпионатқа 13 елден 40-қа жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда: Әзербайжан, АҚШ, Иран,  Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан және Оңтүстік Корея. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турдан тұрды, ерлер және әйелдер арасында классика, блиц  және рапид бойынша бөлек өткізілді.
null  

Алғашқы күндері тоғызқұмалақ шеберлері классика түрі бойынша жарысты. Негізгі бәсеке Қазақстан, Қырғызстан және Монғолия спортшылары арасында болды. Нәтижесінде Қазақстан спортшылары ерлер және әйелдер арасында да топ жарды.

Классика, ерлер:

1- орын - Серік Ақтаев (Қазақстан)

2- орын - Нұрбек Кабиев (Қазақстан)

3- орын - Кубан Сазаев (Қырғызстан)  

Классика, әйелдер:

1- орын - Әсел Далиева (Қазақстан)

2- орын - Диана Кенина (Қазақстан)

3- орын - Лязат Райымбекова (Қырғызстан)   

Тоғызқұмалақтың шапшаң ойнау (блиц) түрі бойынша Қазақстан, Қырғызстан спортшыларымен қатар, Монғолия спортшысы Ардабұлан Шындаулет те жлдегерлер қатарынан көрінді.    

Классика, ерлер:

1- орын - Жанат Каймулдин (Қазақстан)

2- орын - Муратали  Исмойлов (Қырғызстан)

3- орын - Ардабұлан Шындаулет (Монғолия)  

Классика, әйелдер:

1-      орын - Диана Кенина (Қазақстан)

2- орын - Әсел Далиева (Қазақстан)

3- орын - Чолпон Кендирбаева (Қырғызстан)         

Тоғызқұмалақтың рапид түрі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан спортшылары жүлделерді өзара бөлісті.    

Классика, ерлер:

1- орын - Нұрбек Кабиев (Қазақстан)

2- орын - Серік Ақтаев (Қырғызстан)

3- орын - Анарбек Джамакеев (Қырғыз Республикасы)  

Классика, әйелдер:

1- орын - Әсел Далиева (Қазақстан)

2- орын - Диана Кенина (Қазақстан)

3- орын -  Айда Керимбекова (Қырғызстан)

Чемпионаттың жабылу салтанатында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының төрағасы Әлихан Байменов, Қырғыз Республикасының Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Қанат Арпачиев, Ұлттық спорт түрлері дирекциясының директоры Алмазбек Қасенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

null

nullnull

Соңғы жаңалықтар