Қазақстан ТМД елдері Қарулы күштері штаб басшылары комитетінің отырысына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан қаласында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Бас штабтың басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған  делегация ТМД елдері қарулы күштері штаб басшылары комитетінің отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты және ТМД кеңістігіндегі әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері жөніндегі мәселелерді талқылады.

2018 жылы әскери ынтымақтастықты дамыту бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жұмыс органдарының нәтижелері және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобалары мақұлданды. Сонымен бірге жиында пилотсыз авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен мемлекеттік радиолокациялық істердің бірыңғай жүйесі туралы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар