«Қазақстан темір жолы» туралы таралған ақпарат жалған - Ұлттық компания

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілердің жекелеген посттарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ туралы белгісіз көздерден мәліметтер орналастырылған. Бұндағы мәліметтер мен әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жорамалы мемлекеттік аудит тексерулеріне ешқандай да қатысты емес. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Тек «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» ресми құжаты ғана нақты мәліметтер тарата алады. Анонимдік сипатта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар