Астана: -12 °С
Алматы: -4 °С
валюта бағамы
USD 330.39
EUR 392.04
RUB 5.65
CNY 50.04

Қазақстан таяу уақытта Түркиядағы жылжымайтын мүлікті сатып алатын көшбасшы елдердің тізіміне кіруі мүмкін

2013 жылғы 16 сәуір 14:31 602

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат  - Түркияда қазақстандықтардың 57 жылжымайтын мүлік нысаны бар. Бұл туралы Sinan Insaat инвестициялық құрылыс холдингінің Қазақстандағы басқарушысы Александра Соколова бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«2012 жылдың тамызынан бастап Түркияда шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті сатып алуы туралы өзара түсіністік қағидасын алып тастайтын заң күшіне енді. Қазақстан түріктің жылжымайтын мүлігін ешқандай шектеусіз сатып алуға құқылы 129 елдің тізіміне еніп отыр. Онда  жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған 57 қазақстандықтың басы бөлігін Алматы, Шымкент, Астана қалаларының тұрғындары  құрауда», - дейді А.Соколова. Оның айтуынша, 183 елдің инвесторлары 2012 жылы Түркиядан  жалпы аумағы 1162 мың шаршы метр болатын 2 578 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алған. Көшбасшылар үштігіндегі Германия азаматтарына - 775, Ресей азаматтарына - 416, Ұлыбритания азаматтарына  365 нысан тиесілі.

Басты сөздер: Алматы, Түркия, Қоғам,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер