Қазақстан танымал қытайлық блогерлерді несімен таңқалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда танымал қытайлық блогерлерге арналған бірінші ақпараттық тур басталды. Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, қонақжайлығына тәнті болды, Бурабайдың табиғатына тамсанды, деп хабарлады Елорда Инфо.

Тур құрамына Қытайдың танымал үш блогері мен журналисі кірді. Олардың бірі тәуелсіз шолушы-саяхатшы, Синьхуа жаңалықтар агенттігінің және Қытай баспасөз қауымдастығының ресми фотографы Цянь Фан Юань Цзинь. Ол «қонақ үй ісінен» дәріс береді. Бүкіл Қытайда 100 миллионнан астам оқырманы бар. Ал әлеуметтік желіде 2,69 млн оқырманы бар тәжірибелі саяхатшы, фотограф Цау Юань Қытайдың 200-ден астам қаласын және әлемдің барлық құрлығындағы 40-тан астам елге сапарлаған. Танымал қытайлық саяхатшы және жаузушы Го Чэннің әлеуметтік желіде 43 миллионнан астам оқырманы бар. Сонымен қатар журналист Цай Вей Хуан да тур құрамына кіріп отыр.
null 

Қонақтар елімізде 18-26 наурыз аралығында болады. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы рашид Күзембаевтың айтуынша, блогтур Наурыз мейрамының танымалдылығын арттыру, Қытай туристері арасында қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлерін ілгерілетуге бағытталған.  

Блогерлер Бәйтеректі, Әзірет Сұлтан мешітін, Бейбітшілік пен келісім сарайын, Тәуелсіздік сарайын тамашалап, ЭКСПО аумағындағы халықтық серуенге қатысты.
null 

null 

Қонақтар ұлттық тағамдарға тамсанды. Олар ет, наурыз көже, қуырдақ, қымыз, шұбат және дәстүрлі тәттілерден дәм татты.

«Барлық жерде де мол жайылған дастарқанмен қарсы алды және әр уақытта да дәмді тағам өте көп болды. Бұған дейін еш жерден мұндай қонақжайлылықты көрген емеспін», - деп атап өтеді Цянь Фан Юань Цзинь.
null 

Блогерлер өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таза көлдері мен қалың ормандары бар Қазақстанның  сұлу табиғаты, ел халқының қонақжайлылығы жайында жазбалар қалдырды. Оларды Щучье-Буражай курортты аймағының қысқы пейзажы - «Жұмбақтас», аспан түсті көк мұз жабылған көл және қарағайлы орман сұлулығы таңданыстарын тудырды. Атқа мініп, қазақстандық «Лапландияда» ит жетегіндегі шанаға отыру да қонақтарың көңілінен шықты.
null 

Блогерлерге арналған тур Алматыда жалғасады. Оңтүстік астанада олар қаланың басты алаңындағы Наурыз мейрамына алған жалпыхалықтық серуенге қатысып, Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ және өзге де көрікті жерлерді аралайды. Үшқоңыр мен Шарын шатқалдарына да сапарлары жоспарланып отыр.  

Тур қорытындысында қытайлықтар Қазақстанның  этно және экотуризмі жайында кеңінен мағлұмат алады деп күтілуде. Ал блогерлердің өздері де алдағы уақытта Қазақстанға жаз және қыс айларында келуге уәде беріп отыр.

Айта кетерлігі, келесі жыл Ресей блогерлері шақырылады.

Соңғы жаңалықтар