Қазақстан стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым кеңесінің құрамына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Стандарттау жөніндегі ISO халықаралық ұйымы Бас ассамблеясының 40-шы сессиясында Қазақстан 2018-2020 жылдар кезеңінде ISO Кеңесінің құрамына алынды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Бұл халықаралық стандарттау жүйесін дамытуда маңызды шешімдер қабылдау шараларына қатысуға мүмкіндік береді. ISO-ның 162 мүшесі бар. ISO Кеңесі 20 қатысушыдан тұрады (6 тұрақты және 14-і таңдалады). 

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғаловтың басшылығымен барған делегация Германияда өтіп жатқан халықаралық стандарттау апталығы аясында Ассамблея жұмысына белсенді қатысуда.

Іс-шара аясында Индустрия 4.0 өнеркәсібі мен инновация саласы бойынша стандарттар әзірлеудің өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, ISO жарияланымын жаңғырту мен сатылым және авторлық құқықты қорғау, ISO процедуралық тәртібі мен жарғыдағы өзгерістерді тарату бойынша ISO-ның жаңартылған саясаты таныстырылатын болады. Стандарттау мен басқа да салаларға жас буынды тарту мәселесі де талқыланатын болады.

ISO 2017 Бас Ассамблеясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Австрияның Стандарттар Институты арасында Жол картасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, деп жоспарланған. Сондай-ақ, немістің, чехтың және түріктің стандарттау жөніндегі органдарымен екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар