Қазақстан спорттың 6 түрі бойынша Ислам ойындарына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін IV Ислам ынтымақтастық ойындарына Қазақстан спорттың алты түрі бойынша қатысады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Әзербайжандағы меншікті тілшісі хабарлайды.

35 отандық спортшы бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды. Қазақстандық делегация 50 адамнан құралған, оның құрамында 10 бапкер, делегация басшылары, штаб өкілі, дәрігерлер мен баспасөз хатшысы бар. Бірінші делегация Бакуге 10 мамырда барады, спортшылар негізгі сайыстардан 2-3 күн бұрын келеді. 12 мамыр күні кешке ойындардың салтанатты ашылу шарасы өтеді.

Еске сала кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындарын өткізіп тұру жөнінде шешім Сауд Арабиясында 2013 жылы өткен Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясы VIII Бас ассамблеясында қабылданған. Ислам ұйымшылдық ойындары - Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қатысуымен төрт жылда бір рет өтетін спорттық дода. Ойындардың бағыты мен бақылауына Ислам ұйымшылдық ойындары федерациясы жауапты. Ұйымға мүше елдердің мұсылман емес азаматтары да жарысқа қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар