Қазақстан спортшыларының допинг сынамалары Германия зертханаларына жолданды - Құлыбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадиялық комитеті Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындары алдында спортшыларымыздың допинг сынамаларын Германияға жолдаған. Бұл туралы бүгін ҰОК президенті Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыдағы АИБА Бокс академиясында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салу рәсімінде сөз сөлеген Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Тимур Құлыбаев допингке байланысты мәселе туындамас үшін Олимпиада алдында спортшыларымыздың сынамасын Германияның Дрезден, Келн қалаларындағы зертханаларына жолдағанын айтты.

«Спортшыларымыздың допинг сынамалары Германияның Дрезден, Келн қалаларына жолданды. Олимпиада алдындағы дайындықтар аяқталып келеді. Қазір 49 жолдамамыз бар. Оның саны әлі де өседі деп күтіп отырмыз. Қазақстанның ресми өкілдері осы аптада Кореяға барып, біздің спортшыларымызды қарсы алуға дайындалады. 9 ақпанда Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысамыз. Ал 7 ақпан күні Атлеттер қалашығында Қазақстанның көк байрағын көтереміз. Спортшыларымызға барлық жағдай жасалды. Енді үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз», - деді Тимур Құлыбаев.

null 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере келе министрлік тарапынан допингке қарсы заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Біз допингке қарсымыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҰОК тарапынан да қатаң жаза қолдану шаралары қарастырылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, министрлік тарапынан донингке қарсы заң жобасы әзірленіп жатыр. Спортшыларымыздан допинг тесттері алынды, нәтижелерін күтіп отырмыз. Әзірге, барлығы жақсы. Олимпиадаға тек таза спортшыларымыз барады», - деді Елсияр Қанағатов.

null 

Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне әлемнің 90 мемлекетінен 2500-ге жуық қысқы спорттың үздік спортшылары бақ сынайды.

null 

Соңғы жаңалықтар