Қазақстан Сириядағы ЮНЕСКО мұраларын қорғауды қолдайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстан Астана процесінің гуманитарлық бағытын одан ары нығайтуға, сондай-ақ гуманитарлық дәліздердің қосымша аймақтарын құрып, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарын минадан тазартуға бағытталған ұстанымдарды қолдайды. Бұл жайында Брюссельде «Болашақ Сирия мен өңірді қолдау» екінші халықаралық донарлық конференциясының сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі бола тұра, Қазақстан Сириядағы қарулы қақтығыстардың ұзаққа созылуына және дағдарыстан тікелей туындаған гуманитарлық апаттың төмендеуіне ықпал ететін халықаралық күш-жігерге толығымен қолдау көрсетеді», - деді М. Тілеуберді.

Ол «Сирия халқының қорқынышты азаптарының тоқтатылуы керектігін» атап өтті  және конференция қатысушыларын «Сирия ішіндегі қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу үшін жағдай жасауға» күш-жігер біріктіруге шақырды.

«Біз жойылған елді қалпына келтіруге, оның ішінде күрделі гуманитарлық жағдайды шешуге назар аударуымыз қажет. Жергілікті тұрғындардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жедел, қауіпсіз және кедергісіз гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз ету әрі медициналық көмек көрсетуге жағдай жасау қажет», - деді қазақстандық дипломат.

М.Тілеуберді Қазақстанның Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосылатындығын баса айтты.

«Біз Астана процесінің гуманитарлық бағытын одан әрі нығайтуға, оның ішінде қосымша деэсклациялық аймақтарды, гуманитарлық дәліздерді құру және ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының нысандарын минадан тазарту шараларына қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті М. Тілеуберді.

Соңғы жаңалықтар