Қазақстан Сириядағы химиялық шабуылды мұқият тергеуді бастады - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Сириядағы химиялық шабуылды мұқият тергеуді бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа сілтеме жасап.

 «Қ. Әбдірахманов Қазақстан барлық мүдделі тараптардың қатысуымен, БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның  қолдауымен 4 сәуірде Сирияда химиялық қаруды қолдануы мүмкін фактісіне қатысты объективті, жан-жақты және тиянақты тергеу жүргізетінін атап өтті», - делінген Манфред Грунд бастаған ГФР Бундестагының «Германия - Орталық Азия» парламенттік топ делегациясымен кездесу қорытындысы бойынша жіберілген СІМ хабарламасында.

Сондай-ақ, министр Сирияда мәселесі бойынша ымыраға келу бойынша келіссөздерді ары қарай жалғастыру үшін Қазақстанның Астана процесі платформасын ұсынуға дайын екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, АҚШ қарулы күштері Сирия үкіметтік жасағының әскери базасы орналасқан Хомс провинциясы аумағын 59 зымыранмен атқылаған болатын. Зымыран соққысы Сирияның Идлиб провинциясындағы химиялық шабуылға жауап есебінде жіберілген. 

Соңғы жаңалықтар