Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге өз үлесін қосуға дайын - Камалдинов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге күш салады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп сириялық реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысы жұмысын ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Назарбаевтың бітімгершілік бастамалары, сонымен қатар бүкіл әлемдегі елдер арасындағы жанжалдарды шешу мен шиеленістерді қысқартудағы үлесі халықаралық деңгейде мойындалған. Қазақстан бүгінгі шараның барынша жемісті боларына шынайы үміт артады. Біз прогресс болатындығына және соғысты тоқтату режімінің жүзеге асырылатындығына үміттенеміз. Бұл өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға өз үлесін қосар еді», - деді Камалдинов.

Сонымен қатар ол Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге бар күшін жұмсайтындығын баса айтты.

«Бұл тұрғыда біз Сирия бойынша мәселелерді реттеуге де өз үлесімізді қосуға  дайынбыз», - деді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар