«Қазақстан» РТРК» қытай телеарналарымен ынтымақтастықты жолға қоюда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ  делегациясы Қытай Халық Республикасында іссапарда болып, Қытай Орталық Телевизиясының (CCTV) президенті Ние Чжэнсимен кездесті, деп хабарлайды Стратегиялық маркетинг департаменті.

Кездесу барысында бірлескен жобалар өндірісі және корпорациялар арасындағы тәжірибе алмасу бойынш екіжақты ынтымақтастық  мәселелері талқыланды. 

   Сондай-ақ, ССТВ-7, ССТВ-8 және ССТВ-12 телеарналарының жетекшілерімен кездесіп, тараптар арасында бірлесіп телехикаялар, деректі фильмдер және жобалар өндіру бойынша келісім орнады.
         
 Бұдан бөлек, сол телеарналардың продюсерлері және режиссерлерімен шығармашылық бірлестіктер арасындағы тәжірибе алмасу       мәселелері         қарастырылды.
Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы Чанша қаласында орналасқан «Hunan TV» телерадикорпорациясына барды.
      
 Бұл кездесуде Hunan TV президенті Лю Хуанбинь «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен ынтымақтастықты орнатуға үлкен қызығушылық білдірді. Келіссөздер жүргізіліп,  тараптар болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлескен телеөнімдер мен көркем  фильмдер  өндірісі      бойынша   уағдаласты.

Hunan TV 1997 жылдың қаңтарында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін Қытайдағы ең көп қаралатын спутниктік арналар қатарында екінші орында.

Соңғы жаңалықтар