Қазақстан ресейлік порттардың реттелетін монополиялар тізімінен шығарылуына қарсы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы Ресей порттарын реттелетін табиғи монополиялар субъектілері тізімінен шығарылуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауымдастықтың баспасөз қызметінің атап өтуінше, Қазақстанның көмірін Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі мемлекеттердің нарығына шығарудың бірегей мүмкіндігі ЕАЭО елдері үшін теміржол тасымалдарына арналған тарифтерді бірегейлендіруді енгізуден кейін пайда болған. Осыған байланысты Ресей Үкіметі ағымдағы жылдың 20 қазанында қазақстандық жүктерді ресейлік теңіз порттары арқылы тасымалдау барысындағы кедергілерді жоюға бағытталған порттардағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне кемсітілмейтін рұқсатнама ережесін қабылдаған.

Алайда, ресейлік тарап аталған ережені қабылдағаннан кейін РФ Теңіз сауда порттары қауымдастығы порттарды мемлекет тарапынан реттелетін табиғи монополия субъектілері тізімінен алып тастау туралы ұсыныс жасаған.

«Бұл дұрыс емес. Өйткені, мұндай жағдайда бекітілген ереже мен үкіметаралық шарттың портқа еш қатысы болмай қалады және жүргізілген барлық жұмыстар осындай бір шешім арқылы жойылады. Сол себепті ҚР Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасына қазақстандық экспорттың жолына жасанды кедергілерді туындататын мұндай жағдайға жол бермеу туралы өтініш жасады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар