Қазақстан-Ресей өңіраралық форумының нәтижесі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің Сыртқы істер министрлігі күні кеше Челябинск қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық 14-ші форумының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық 14-ші форумы өтті. Бұл форум Мемлекет басшымыздың бастамасымен 2013 жылдан бастап жыл сайын әр елде кезек-кезек  өткізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы Астанада ұйымдастырылып, онда форум барысында көлік-транзиттік мәселелер талқыланған болатын. Осы жылы Челябинск форумы адам капиталын дамыту тақырыбына арналды және онда бірқатар іс-шара ұйымдастырылды», - деді бүгін БАҚ өкілдеріне аталған форумның қорытындысына орай арнайы сұхбат берген ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры Нұржан Қаджиакбаров.

Оның айтуынша, Челябинскіде Ректорлар форумы, екі елдің арасындағы Іскерлік кеңестің кезекті отырысы және өзге де жиындар өтті. Ал форумның жалпы отырысына екі елдің Президенттері, Қазақстан мен Ресей өңірлерінің басшылары қатысқан.

«Форум қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде мемлекетаралық, үкіметаралық және Қазақстан мен Ресейдің өңірлері арасындағы бірнеше келісімдер мен шарттар бар. Бұған қоса, іскерлік топтардың арасында да бірқатар келісім жасалды. Жалпы айтқанда форум нәтижесін өте жоғары бағалаймыз. Бұл Қазақстан мен Ресейдің арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан ары дамуына үлес қосатынына сенімдіміз», - деді департамент директоры.

Соңғы жаңалықтар