Қазақстан, Ресей, БАӘ ғарыш саласының өкілдері Байқоңырда кездесті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш кешенінде экипажында ХҒС-на ұшатын кезекті экспедициясы бар «Союз МС-08» транспорттық басқару кемесінің ұшырылымының алдында Қазақстан, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарыш саласы өкілдерінің үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров, Жоғары білім министрі, БАӘ-нің ғарыш агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы Ахмад Белхул Аль-Фаласи ғарыш қызметі бойынша үшжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар 2018 жылдың сәуірінде Байқоңыр кешенінде болуы ықтимал бірлескен жобалармен жұмыс жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Осыған дейін хабарланғанындай, БАӘ делегациясы Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр.

Соңғы жаңалықтар