Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -10 °С
Алматы: 0 °С
USD 319.32 EUR 396.28
RUB 5.66 CNY 50.34
Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапарынан не күтуге болады - сарапшы пікірі

2018 жылғы 12 қаңтар 20:36 1184
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапарынан не күтуге болады - сарапшы пікірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Елбасының алдағы АҚШ-қа сапарына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшының пайымынша, сапар қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылатын болады. Аталған құжаттар екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін береді.

«Бүгінгі күні барынша басымдыққа ие сала экономикалық өзара іс-қимыл болып отыр. Белсенді саяси диалогтың орын алғанына қарамастан экономикалық байланыстар тым төмен деңгейде қалып отыр. 2017 жылдың қорытындысында өзара сауда-саттық көлемі шамамен 1,7 млрд долларды құрады. Ал бұл біздің қарым-қатынасымыздың әлеуетіне мүлдем жауап бере алмайды. Сондықтан да дәл осы бағытта жаңа әдістер әзірленетін сияқты», - деді Ж.Сарабеков.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін АҚШ инвестиция, технологиялар трансферті тұрғысына зор қызығушылық тудырады. Себебі америкалық компаниялар бұл салаға қажетті жоғары технологияларға ие.

Сонымен қатар сарапшы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі екендігіне назар аудартты.

«Терроризм мен экстремизммен күресте Қазақстан мен АҚШ мүддесі ортақ. Әрине, Ауғанстанға қатысты ынтымақтастық та қалып, өз жалғасын таба береді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да орны ерекше», - деді сарапшы.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат