Қазақстан Президенті Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Елбасының құттықтауын Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл өзбек халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Біз жақында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары болып кездесу өткіздік. Біз бірге боламыз, сауда-саттықты, мәдениетті бірлесіп дамытамыз деп келістік. Қазақ пен өзбек халқының тілі, діні бір. Бұл игіліктер қаншама ғасырлардан бері жалғасып келеді. Ата-бабаларымыз салып кеткен жолды біз жалғастыруымыз керек, бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз керек. Бір-бірімізден білім, алып тәжірибе алмасып үйренуіміз керек»,-деді Президент құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар