Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

Қазақстан Президенті Геннадий Головкинге жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Геннадий Головкинге жеделхат жолдады
2017 жылғы 17 қыркүйек 15:12 496

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады.

«Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің.

Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы - өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін», - делінген жаделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев боксшыға зор денсаулық және алдағы белестеріне табыс тіледі.

 

 

Басты сөздер: Қазақстан Президенті, Бокс, Геннадий Головкин,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер