Қазақстан Президенті Дональд Трампен жақсы қарым-қатынас орнатты - EurActiv журналының редакторы

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропадағы EurActiv журналының аға редакторы Георгий Готев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Қазақстан Президентінің АҚШ-та Дональд Трампен кездесуі жоғары деңгейде өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Трампен жақсы қарым-қатынас орнатты. Олардың отырысы басқа кездесулерден қарағанда ұзаққа созылды»,-деді ол.

Георгий Готов Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаның шығысындағы қайшылықтарды реттеуге күш салып жатқанын да ерекше атап өтті.

«Қазақстаннның бұл жанжалды реттеуге күш салуы таң қалатын дүние емес. Қазақстанда 3 миллион орыс пен 200 мыңнан астам украин халқы тұрады. Сондықтан Қазақстанның бұл мәселеге бей-жай қарай алмасы анық. Бұған дейін Минск келісімдерін Астанада өткізу туралы ақпарат болды. Қазақстанның бұл мәселедегі әлеуетін барлығы жақсы түсінеді, оған дәлел Астанада өткен сирия келісімдері»,-деді спикер.

Ол сонымен қатар біздің ел ұсынған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мәселелердің маңыздылығына да тоқталып өтті.

«Бүгінде әлемде ядролық қарудан келетін үлкен қауіп байқалады. Қазақстан осы түйткілге де өз үлесін қоса алады. Иранның ядролық мәселелерін шешуге атсалысқан Астананың  тәжірибесі,  солтүстіккорей дағдарысына да өз пайдасын тигізуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл Орталық Азия атынан үн қосып отырғаны белгілі. Бұл ҚР дауысы ғана емес, аймақтағы төрт мемлекеттің дауысы»,-деді Готев.

Соңғы жаңалықтар