Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 332.68
EUR 389.40
RUB 5.60
CNY 49.85

Қазақстан Президенті Беларусь еліне сапарлайды

Қазақстан Президенті Беларусь еліне сапарлайды
2017 жылғы 13 тамыз 13:07 1125

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екі елдің арасындағы қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында қарқынды түрде дамып келеді. Осы орайда біздің елдердің көшбасшыларының рөлі айрықша. Қазіргі кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Минскіге сапарына дайындалып жатырмыз. Атап айтқанда, дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мемлекет басшысының сапары Қазақстан-Беларусь қатынастарын дамыта түсуге елеулі серпін береді деп болжап отырмыз»,- деді Бақытжан Сағынтаев.


Қазақстан Президенті Беларусь еліне сапарлайды 

Өз кезегінде Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков Қазақстан тарапының қонақжайлылығы үшін алғысын айта келе, «биылғы жыл елдеріміз үшін мерейтойлы болып отыр, яғни 25 жыл бұрын біз дипломатиялық қатынастарды орнаттық. Осы жылдарда біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық мәнге ие болды. Қазақстан біз үшін маңызды әрі уақытпен тексерілген сенімді серіктесіміз, сіздермен екіжақты, сондай-ақ интеграциялық тұрғыда әрі халықаралық ұйымдар аясында жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылдарды қолдап келеміз»,-деді.


Қазақстан Президенті Беларусь еліне сапарлайды 

 

Басты сөздер: Беларусь, ҚР Үкіметі, Қазақстан Президенті,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер