Қазақстан Премьер-Лигасы: ең үздік гол анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның «Ең үздік голын» анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі pflk.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауалнама 10 күн бойы әлеуметтік желілерде жүрді. Тиісінше, желі тұтынушылары 10 голдың ішіндегі үздігін таңдады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша, «Ақтөбе» командасының шабуылшысы Игорь Зеньковичтің голы озық шықты.

Еске салсақ, ол чемпионаттың 18-турында Душан Савичтің пасынан соң «Шахтер» қақпасына өкшесімен әдемі гол енгізген еді. Сондай-ақ, үштікке алматылықтар - Андрей Аршавин мен Исламбек Қуаттың соққан доптары кірді.

Жалпы, 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік голдары төмендегідей:

1. Игорь Зенькович, «Шахтер» - 2 698 ұпай
2. Андрей Аршавин, «Қайрат» - 2 496
3. Исламбек Қуат, «Астана» - 942
4. Жуниор Кабананга, «Астана» - 586
5. Георгий Жуков, «Ақтөбе» - 564
6. Магомед Парагульгов, «Қайрат» - 501
7. Пабло Фонтанелло, «Ордабасы» - 420
8. Эгон Вух, «Тобыл» - 392
9. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - 333
10. Исаэль Барбоза, «Ақжайық» - 309.

Соңғы жаңалықтар