Қазақстан портында шетелдік 4 кеменің жұмысы тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-14 мамыр аралығында Ақтау және Баутино теңіз портының әкімшіліктері құрғақ жүк кемелерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барасында Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Иран елдерінің 53 құрғақ жүк таситын кемесі қаралған. 

Оның нәтижесінде анықталған ақауларды жойғанға дейін 4 кеменің, яғни, Иранның 3 кемесі мен Ресейдің 1 кемесінің жұмысы тоқтатылды. 

Негізгі ақаулар мен талаптардың орындалмауына мыналар жатқызылды: Навигациялық, өртке қарсы құралдардың, радио құралдарының ақаулары, жүк трюмі есіктері су өткізіп қоюы, кеме орнықтылығына қойылатын талаптардың сақталмауы, кеме мен жабдықтардың коррозиясы, кеме журналдарының халықаралық конвенциялар талаптарына сай болмауы, экипаж дипломдары мен куәліктерінің лауазымдарына сай болмауы.

Сонымен бірге, Иранның 5 кемесіне порттан кеткенге дейін ескертулерді жоюға нұсқау берілді. Ескертулер экипаж құрамының құзыретіне қатысты болды. 

Ақтау порты мен Баутино теңіз әкімшілігі осы елдердің теңіз порты билігіне халықаралық кеме жүзу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін кемелерді жібермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолдайды.

 

Соңғы жаңалықтар