Қазақстан Париж саммитінде жерді қашықтықтан зондтау тәжірибесімен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазғарыш өкілдері Парижде өткен Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) саммитінің жұмысына қатысты.

Форумда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин «Қазақстанның ғарыш жолы: ЖҚЗ бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады. Онда ол әлемдегі қаржылық дағдарыстан туындаған түйіткілдер мен Қазақстандағы ғарыш технологияларын пайдалану мүмкіндіктерінен туындаған - ЖҚЗ ғарыш жүйесін құру мен қолданудағы тәжірибеміз туралы айтып берді.

Айта кетейік, өткен жылғы ЖҚЗ мәселелері бойынша 6-саммитте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «ЖҚЗ спутниктік операторлар арасындағы жыл дебютанты» номинациясының жеңімпазы болды.

Жылсайынғы Париж форумы биыл әлемнің ғарыш технологиялары саласындағы жүздеген маманының басын қосты, 2 күн ЖҚЗ мәселелеріне арналды. 

Соңғы жаңалықтар