Қазақстан Өзбекстанға біріккен экономикалық аймақтар құруды ұсынды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкентте өткен қазақ-өзбек бизнес-форумының аясында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ерік Өтембаев біріккен экономикалық аймақтар құру қажеттігін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Ерік Өтембаев екі елдің экономикалық байланыстарының дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау бағыттарында біріккен кооперациялар мен индустриалдық-экономикалық аймақтар құрудың заман талабы екенін айтты.

Бұдан тыс, Ерік Өтембаев екі мемлекет басшыларының екі ел арасындағы сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізу жайында алға қойған міндетін орындаудың маңызына тоқталды. «Екі ел басшылары келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында алғашқы ірі өңіраралық форум өткізуді тапсырды. Мұндай ірі форум екі ел байланыстары тарихында бұрын болып көрген емес. Оның аясында Қазақстанның он алты әкімі мен Өзбекстанның он төрт әкімі өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара нақты шаралар жоспарын келіседі», - деді ҚР Елшісі.

Соңғы жаңалықтар