Қазақстан Орталық Азия тағамдарын бір брендпен насихаттауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан әлем туристері үшін бірлескен туристік бағдарлама әзірлеуге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Астанада өткен Қазақстан-Өзбекстан туристік форумында мәлім етті.

«Әлемдік нарықта біздің елдерді жаңа туристік бағыт ретінде насихаттауға болады. Қазіргі туристер өте мобильді, бір сапар аясында бірнеше қала мен түрлі мәдениетті көргісі келеді. Жаңа әсер, жаңа тәжірибелер жинақтағысы келеді. Мұндай мүмкіндікті Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат аясында бере аламыз деп ойлаймын. Біздің ортақ міндетіміз - эко және этнотуризмге негізделген, қос халықтың алуан түрлі бай мәдениеттері біріктірілген тур ұйымдастыру. Біз үшін бірлескен трансшекаралық турларды ұйымдастыру, бренд қалыптасыру және насихаттау өте маңызды. «Екі ел - бір туристік өнім» ұстанымында жұмыс істеу керек. Осылайша, туристік өніміміздің құндылығын арттыра аламыз», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев Астанадағы Қазақстан-Өзбекстан туристік форумында.

Компания басшысының айтуынша, турдың өзбекстандық бөлігі Самарқан, Бұхара, Хиуа және Ташкент қалаларын қамтиды. Қазақстанда Түркістан, Алматы, Шымкент, Тараз, Сайрам-Өгем, Ақсу-Жабағылы, Іле Алатауы, Сауран және Отырар қалаларының орны енеді.

Сондай-ақ, ортақ турдың қазақстандық сегментінде туристер киіз үйде қонып, тауға шыға алады. Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесенелеріне барып, ұлттық тағамдардан дәм тата алады.

Соңғы жаңалықтар