Қазақстан өнімдері Грузия нарығына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы Тбилисиде  қазақстандық 19 өндірушінің өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді. Форумның нәтижесінде бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бастапқы көлемі - айына 4 жүк көлігі. Бұл отандық өндірушіге жақсы кепілді тапсырыс болып табылмақ. Сонымен қатар, грузиялық супермаркеттерге биоқаптар жеткізілмек. Келесі жылдан бастап, Грузияда полиэтиленді қаптарды өндіруге және импорттауға тыйым салынады, сондықтан біздің өндірушілер ұсынған өнім сауда желілері тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Айына ең төменгі жеткізу көлемі - 500 мың бірлік», - деп мәлім етті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.

Ашылып жатқан экспорттық мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілерге еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты жоспарлауға мүмкіндік береді. Өнімдерді  кейіннен ЕО елдерінде жүзеге асыру үшін оларды сертификаттау бойынша жұмыстар басталды.

«Біздің өндірушілер еуропалық нарыққа шығу үшін, сертификаттаудың барлық кезеңдерін өтуге дайын. Қазақстандық өнімдер Грузияда жүзеге асырыла бастады және болашақта экспорттық мүмкіндіктердің кеңейетіні қазірдің өзінде айқын. Экспорттық қолдау - «KAZAKH INVEST» компаниясы жұмысының бағыттарының бірі. Біздің басты мақсатымыз -экспортқа бағытталған өндірістерді құру үшін, Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту», - деді Мақсат Қабашев.

 

 

Соңғы жаңалықтар