Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша ЭЫДҰ елдерінен 10 жылға қалып қойды - Дүйсенова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өмір сүру жасы 70 жастан асып кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Иә, біз қаржыландыру көлемін арттырдық. Егер осыдан 5 жыл бұрын Қазақстанның әр азаматына 468 теңге төлеген болса, қазір ол 1 000 теңгеден асты. Дегенмен біз  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде бар медициналық-демографиялық көрсеткіштерге қол жеткізе алдық па? Жоқ. Күтіліп отырған өмір сүру жасы бойынша, біз шамамен 10 жылға артта қалып келеміз. Ана мен бала өлімі бойынша біз бой түзеп келе жатқан елдерден әлдеқайда артта келеміз», - деді министр Астанада өткен «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау: ұлт денсаулығын қорғау» атты форумда.

Дүйсенованың сөзі бойынша, денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламаларының (2005-2015 жылдары) арқасында Қазақстанда күтіліп отырған өмір сүру жасының деңгейі 70 жасқа көтерілді, ал халықтың өлім-жітім көлемі 15,3 пайызға кеміген. Ана мен бала өлімі 1,8 есеге азайып отыр. 

Министрдің атап өтуінше, министрлікке 2016-2019 жылдарға арналған ҚР «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы түсті. Ол алдында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың заңды жалғасы және денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформаларды тереңдетуге бағытталған. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - ауру түрлерінің дамуын алдын алу және ескерту. Осыған байланысты, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі мен Бүкіләлемдік банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану қызметтерінің ықпалдастығы негізінде Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады.

Сонымен қатар ол, 2018 жылдан бастап, Қазақстанда барлық дәрі-дәрмектер халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.

«Біз қазір еуразиялық қауымдастықпен бірыңғай фармацевтикалық  нарығын құрудамыз. Келісімге қол қояр алдында біз, бір нәрсеге маңыз бердік, аталмыш нарыққа енетін барлық дәрілік құралдар халықаралық стандартқа сәйкес болуы шарт», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай талап зертханалық, клиникалық зерттеулерге, көтерме сауда өкілдеріне, дәріханаларға қойылатын болады.

«Мұндай жұмыстар қазір фармацевтикалық қауымдастықтар арқылы жүргізілуде. Меніңше, осындай саясаттың арқасында біз биологиялық қауіпсіздікке, дәрілік қамсыздандыру сапасының жақсаруына, тиімділігінің артуына ықпал етеді», - деп түйді Т.Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар