Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 18 °С
Алматы: 18 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды

2018 жылғы 17 сәуір 13:02 401
Бөлісіңіз:
Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Brent маркалы мұнайдың баррелі 73 доллардан асты Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

«2018 жылдың 1 тоқсанында мұнай және конденсаттың мөлшері 22,4 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға және осы жылдың алғашқы тоқсанына көзделген жоспардан 2 пайызға артық. Ірі үш жоба бойынша мұнай өндірісінің көрсеткіші 13,5 миллион тоннаны көрсетті. Атап айтқанда, Қашаған кен орнында өндіріс 2,9 млн тоннаға, Теңіз кен орнында 7,4 млн тоннаға, Қарашығанақта 3,2 млн тоннаға жетті», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның келтірген мәліметіне сәйкес, осы жылдың алғашқы үш айында 18 миллион тонна мұнай экспортталған. Қайта өңделген мұнайдың мөлшері 3,9 млн тоннаны құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен 9,4 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін өндіру мөлшері 2,8 млн тоннаға жеткен. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат