Қазақстан мен Жапония өкілдері спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Токио қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Жапония Білім беру, мәдениет, ғылым және технология министрлігі арасында спорт саласындағы ынтымақтастық жөнінде Меморандум бекітілді. Оған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Жапония ведомствосының вице-миинстрі Тошия Мизуочи қол қойды.

Бұл құжат ең алдымен, дене тәрбиесі және спорт саласында қостарапты ынтымақтастықты нығайтуға және бейінді мекемелер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қол қойылған Меморандум аясында тараптар спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу, ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту мәселелері бойынша ақпараттармен, спорттық кешендерді басқару технологияларымен және спортты дамытудың стратегиялық бағдарламаларымен алмасу жөнінде уағдаласты.

Меморандумда спорттық медицина және спортта тыйым салынған препараттарды қолдануға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық айрықша рөлге ие. Одан бөлек, екі елдегі спорт түрлері бойынша құрама командалар бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жиі өткізіп тұрады.

«Бүгінде Азия құрлығындағы спорт қарқынды дамып келеді. Биылғы Азия ойындарын қабылдап, келесі жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін Жапония әлемдік спорт аренасындағы маңыздығы ойыншыға айналды. Әйтсе де, жапондық әріптестер дене тәрбиесі мен спортты дамытудағы Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. Бұл Меморандум бізге де, жапондық тарапқа да пайдалы боларына сенімім мол», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.

Соңғы жаңалықтар