Қазақстан мен Үндістан әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлауда

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары  генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров Үндістанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары Үндістанның жоғары әскери-саяси басшылығымен: құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Бипин Раватпен, қорғаныс министрінің орынбасары Санджай Митрамен және Үндістан қорғаныс министрі Нирмала Ситхараманмен кездесті.

Екіжақты кездесулер мен келіссөздерге, сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы елшісі Болат Сәрсенбаев та қатысты.

Тараптар ортақ мүддеге қатысы бар бірқатар мәселені, соның ішінде әскери саладағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалын, сондай-ақ олардың дамыту перспективалары мен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.



Соңғы жаңалықтар