Қазақстан мен Түркия құқықтық саладағы қарым-қатынасты нығайтпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Түркия Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы және Бас Прокурорымен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Түрік әріптестерін қарсы ала отырып, Жақып Асанов құқықтық саладағы екі жақты қатынастың достық және сындарлы сипатта екендігін атап өтті.

Сұхбат барысында Қазақстанның Бас Прокуроры түрік тарапына Қазақстан прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге шарттық-құқықтық базаны күшейту және кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

Ж.Асанов қонақтарға «Прокуратура туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейінгі еліміздің прокуратура органдары қызметіндегі өзгертулермен таныстырып, қылмыстық процесте азаматтарды қорғауды күшейту бойынша қойылған мақсатқа жету үшін салынып жатқан күшті ерекше атап өтті.  

Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық танытатын мәселелерді талқылады, сонымен қатар халықаралық күн тәртібінде өзекті проблемалар бойынша пікір алмасты.

Түркия Жоғарғы сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит және Бас Прокуроры Мехмет Акарджа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығы және жоба кеңсесінің жұмысымен танысып,  жоғары баға берді. Оларға Елімізде цифрлық технологияны дамыту бойынша Елбасы Жолдауы аясында Бас прокуратура Комитетімен жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалар көрсетілді. Бұл жобалар: «Е - қылмыстық іс», «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі»,  «Сараптамалық орталық» және т.б.

Data driven decisions (деректер негізіндегі шешімдер) қолдана отырып, процестер алгоритмі және сараптаманы автоматтандыру, сонымен қатар ішкі және сыртқы деректерді біріктіру есебінен, халықты ақпараттандыру және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру үшін Сараптамалық орталықтың криминогенді болжамдар мен аналитикалық материалдар беру мүмкіндігін тараптар бірауыздан атап өтті.  

Кездесу соңында Ж.Асанов түрік тарапына Қазақстанға сапары үшін алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара қарым-қатынастың одан әрі дамуына ниет білдірді. 

Соңғы жаңалықтар