Қазақстан мен Түркия кеден саласында ынтымақтаспақ

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның Кеден және сауда министрі Бюлент Тюфекчимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екіжақты кездесуде Қытай мен Еуропа арасында ортақ дәліз арқылы жүк тасымалдау мәселесі сөз етілді. Тараптар жақында ғана іске қосылған Баку-Тбилиси-Карс  теміржол дәлізінің мүмкіндігін пайдалану үшін кеден органдарының бірлесіп, қызмет етуі қажет екеніне баса назар аударды.

«Қазақстан - Түркия үшін аймақтағы ең сенімді экономикалық әріптес. Бүгінде екіжақты қарым-қатынасымыз кеңейіп, барлық салалар бойынша дамып келеді. Кеден органдарымыз арасындағы екіжақты ынтымақтастық 2003 жылы қол қойылған Қазақстан мен Кеден саласындағы ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асып отыр. Қазақстанның өсіп өркендуі бізді қуантады, өйткені, Қазақстанның қуатты болуы аймақта саяси экономикалық рөл ойнайды», - деді Бюлент Тюфекчи.

Кездесуде Абзал Сапарбекұлы Бюлент Тюфекчиге Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл медалі табыс етілді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан мен Түркия сауда айналымы 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар